Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы «7» сәуірдегі
№ 172 бұйрығына
1-қосымша
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтіреспубликалық маңызы бар қаланың және астананың,ауданның(облыстық маңызы бар қаланың)жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпараткомитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz(бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға, порталға жүгінген сәтінен бастап – 30 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайдакезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.
Портал арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі және (немесе) «жеке кабинетке» қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат түріндегі хабарламасы жіберіледі.
Мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесіне қағаз тасымалдағышпен жүгінгенде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметтіберушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Бірінші кезекті орынды алуғамыналар құқылы:
1) заңды өкілдерімүгедек болып табылатындардың балалары;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) жетім балалар;
4) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
5) әскериқызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары;
6) арнаулы мемлекеттікоргандарқызметкерлерінің, оның iшiнде қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің балалары.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30, 09.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) ХҚКО: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша қабылдау «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады, электронды кезекті портал арқылы брондауға болады.
3) портал: тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат (бар болғанда).
Көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО-ның қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО-ның қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерін пайдалануға келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгінгенде осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) және көшірмелерін ұсынады.
Порталға: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы сұрату.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.
Порталда электронды өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері құжаттардықабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану жазбаша түрде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымның қабылдануын растауоның шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
ХҚКО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО-ның басшысына жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің ХҚКО-ның мекенжайына келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органғашағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалай және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Көрсетілетін қызметті алушы қабілеттілігін немесе өзіне өзі қызмет көрсету, өз бетінше қозғалу, бағдарлау мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқанда ХҚКО қызметкері заңда белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдауды 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты жерге барумен жүзеге асырады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) ХҚКО-ның www.con.gov.kz;
3) www.e.gov.kz порталында орналастырылған.
14.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
нысан
Жергілікті атқарушы органдардың
ақпараттық жүйелер арқылы электронды
түрде берген құжаттың шығу нысаны
№ _____ мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама
________________________
Мекенжайы: _____________
Телефон: ________________
Баланың тегі, аты: ____________________________________________________
Туылған күні: ________________________________________________________
Үйінің мекенжайы, телефоны:__________________________________________
__________________________________________
Бөлім басшысы _________________________________________ (Т.А.Ә.)
Ескерту: Ата-аналар мектепке дейінгі ұйымға 5 жұмыс күні ішінде барып жолдаманы тіркеуі қажет.
Кент, ауыл, ауылдық округ
әкімі қағаз түрінде берген
құжаттың шығу нысаны
Уәкілетті орган_____________________________ Уполномоченный орган______________________
№ ____ Мектепкедейінгібалаларұйымға ЖОЛДАМА Берілгенкүні «_____» ____________ 20_____ ж. Дата выдачи «_____» ____________ 20_____ г.
Баланың Т.А.Ә.(бар болғанда) ________ __________________________________________ Туғанкүні, айы, жылы ______________________
Ф.И.О (при его наличии) ребенка __________________________ Дата, месяц, год рождения __________________ Мектепкедейінгіұйым ___________________ Дошкольная организация___________________ |
ЖЫРТПАЛЫ ПАРАҚ ОТРЫВНОЙ ЛИСТ Уәкілетті орган____________________________ Уполномоченный орган_______________________
№ ____ Мектепкедейінгібалаларұйымға ЖОЛДАМА НАПРАВЛЕНИЕ в детские дошкольные организации № _______ Берілгенкүні «_____» ____________ 20_____ ж. Дата выдачи «_____» ____________ 20_____г.
Баланың Т.А.Ә.(бар болғанда) ________ __________________________________________ Туғанкүні, айы, жылы ______________________
Ф.И.О. (при его наличии)ребенка __________________________ Дата, месяц, год рождения __________________ Мектепкедейінгіұйым ___________________ Дошкольная организация___________________
|
|
|
ЖОЛДАМА БЛАНКІСІН БЕРУ ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ТІРКЕУ № _________ РЕГИСТРАЦИОННЫЙ НОМЕР В ЖУРНАЛЕ ВЫДАЧИ БЛАНКОВ НАПРАВЛЕНИЙ №_____ Жауаптыадамның Т.А.Ә. (бар болғанда) ______________________________________ Қолы _____________ Ф.И.О. (при его наличии)ответственного лица ___________________________________ Подпись _____________
Мөрдіңорны/
Жолдамаберілгенкүнненбастап 5 жұмыскүніішіндежарамдыболады Направление действительно в течение 5-и рабочих дней со дня выдачи |
ЖОЛДАМА БЛАНКІСІН БЕРУ ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ТІРКЕУ № _________ РЕГИСТРАЦИОННЫЙ НОМЕР В ЖУРНАЛЕ ВЫДАЧИ БЛАНКОВ НАПРАВЛЕНИЙ №_____
Жауаптыадамның Т.А.Ә. (бар болғанда) ______________________________________ Қолы _____________ Ф.И.О.(при его наличии)ответственного лица ______________________________________ Подпись _____________
/Место печати
Жолдамаберілгенкүнненбастап 5 жұмыскүніішіндежарамдыболады Направление действительно в течение 5-и рабочих дней со дня выдачи
|
Жолдаманыңнегізгінысаныменміндеттібақылаусалыстыратексеругежатады. Подлежит обязательной контрольной сверке с основной формой направления. |
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Білім басқармасының, бөлімінің басшысына, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне
__________________________________
____________________________________________________________________
мекенжайында тұратын:
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда) және ЖСН)
тел._______________________________
Өтініш
__________________________________________ жылы туған, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)____________________________________________ балам ____________________________________________________________
мектепке дейінгі ұйымға кезекке қоюыңызды сұраймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Ескерту: көпбалалы отбасылар және әскери қызметшілердің, арнайы мемлекеттік органдардың отбасылары ХҚКО-ға немесе электронды үкімет порталына жүгінгенде, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алуға құқықты растайтын құжаттарды республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқармасына, бөліміне тұрғылықты жері бойынша 5 жұмыс күні ішінде тапсыра алады.
Мерзімі _________________
Қолы _________________
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
__________________________________
(Т.А.Ә., әкесінің аты болғанда)
__________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылғантізбегесәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсынуыңызға, атап айтқанда:
(жоқ құжаттардың атауы):
1) ______________________________ ;
2) ______________________________ ;
3) ....... .
жоқтығына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа біреуден екі данада жасалды.
Т. А.Ә. (ХҚКО-ның қызметкері) _______________________________ (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә.(бар болғанда) ___________________________________________
Телефон _________________________________________________________
Қабылдады: Т.А.Ә. (бар болғанда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы _______
«____» _____________ 20__ жыл.