"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Красная поляна аулының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ
КГУ"Общеобразовательная школа села Красная поляна отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2015 жылғы «8» сәуiрдегi
№ 174 бұйрығына
4-қосымша

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау»мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiш қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiн нәтижесiнберу көрсетiлетiнқызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап — 3 жұмыс күнi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минуттан аспайды;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты– 15 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркiн нысанда).

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы).

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiш қабылдау және нәтижесiнберу сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн атқарылады.

Алдын ала жазылу және жеделдетiп қызмет көрсету қарастырылмаған.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) өтiнiш (еркiн нысанда);

2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның анықтамасы;

3) мүгедек балаларға ұсынылатын бiлiм беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi берушiнiң, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының, және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының, және (немесе) оның лауазымды адамдарыныңшешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

1) Министрлiктiң www.edu.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген мекенжайлар бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы басшысының атына;

2) республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына. Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының және шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнiн, көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайы және байланыс телефоны көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), жергiлiктi атқарушы органының атына шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

Шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгiне ие.

13. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң мәселелерi бойынша ақпараттық қызметiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша Бiрыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

Жаңартылған күні: 15.09.2021 17:48
Құрылған күні: 15.09.2021 17:48

Текст