"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Красная поляна аулының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ
КГУ"Общеобразовательная школа села Красная поляна отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.

1.Жалпы ереже

         1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Красная поляна ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ . Заңды мекенжайы Красная поляна ауылы, Абай көшесі.

         2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

         "Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Красная поляна ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де білім беру саласында 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі .

         2021 жылы 63 қызмет көрсетілді;

         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  арқылы  көрсетілетін 0 -қызмет;

         Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет 53 қызмет көрсетілді;

         Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызмет 9 қызмет.

         Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

         «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Красная поляна ауылының жалпы орта мектебі» КММ 2020 жылы 51 қызмет түрін көрсетті;

         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген -0 қызмет;

          электрондық нысанда мемлекеттік қызмет 49 қызмет көрсетілді;

         қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 2 қызмет.

 

         3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

         «Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау»;

         «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомостволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;

         «Денсаулығы  бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш , негізгі орта , жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау»;

         «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».

          «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау».

         2. Қызмет алушылармен жұмыс:

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

         Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған http://sc0006.sandyktau.aqmoedu.kz/ в "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

         2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

         Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімі және ведомствоға қарасты ұйымдар нормативтік-құқықтық актілерді әзірленбеген.

         3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

            2021 жылы «Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Красная поляна ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ БАҚ және әлеуметтік желілерде аудандық "Сандықтау өлкесі"газетіне 1 мақала жарияланды,1 Тікелей эфир өткізілді.Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

         3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері .

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Akmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап «Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Красная поляна ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 20 мемлекеттік қызметке қол жетімді ҚР БҒМ ММ АЖО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс істейді.

         2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

         Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 1 қызметкер көрсетеді, ол қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

           4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

         2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  1.          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

         5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

2022 жылы «Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Красная поляна ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ физикалық және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Мектеп директоры:              Я.Ибаева

 

Орындаған: А.Абаева

Тел.: 87164070724

Қосымшалар:


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2022 18:37
Құрылған күні: 30.03.2022 21:38

Текст