Текст
Кітап - білімнің басты қайнар бұлағы
«Кітап – білімнің қайнар бұлағы, дана туындылардың басты қазынасы және кеңестердің ақыл көзі». Адам жаратылысының саналы өмірі кітапты оқып, танысудан басталады. Ол ақыл-ой жұмысының басты құралы, онсыз жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін емес. Сауаттылықты ашу үшін алдыменен ата-аналар балаларға ертегілер сатып алып, оқуға деген қызығушылықтарын арттырады. Олар жақсылықты жамандықтан ажыратуға, үлкендерге құрметпен қарауға, әр күн үшін қуануға үйретеді. Баланың дамуындағы келесі кезең - балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орны, онда кітапсыз оқу процесін елестету мүмкін емес.
Орындаған: Загаева С. 10-сынып оқушысы