«Біз өмірді таңдаймыз! Біз есірткіге қарсымыз!»

15.10.2026

5, 6 және 7-сынып оқушылары арасында «Біз өмірді таңдаймыз! Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар тақырыптық викторинаға қатысып, сұрақтарға жауап берді, есірткі заттарының зияны туралы білімдерін тексеріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды, дұрыс таңдау жасауды және теріс ықпалдарға қарсы тұруды қалыптастыруға бағытталған тренинг өткізілді.

Іс-шараның соңында оқушылар есірткі мәселесіне деген көзқарастарын бейнелейтін тақырыптық плакаттар салып, өз жұмыстарын қорғады және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, денсаулықты сақтауды саналы түрде таңдауға және белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыруға тәрбиелеу.

Біз өмірді таңдаймыз! Біз денсаулықты таңдаймыз! Біз есірткісіз болашақты таңдаймыз! 💚

 

Просмотров: 395


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу