"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Красная поляна аулының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ
КГУ"Общеобразовательная школа села Красная поляна отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күн шуақ»

08.07.2021

«Күн шуақ»

Жаздың жайдарлы күнінде, балалардың күлкісі, демалыс – бұл барлық оқушылардың сүйікті уақыты. Жазғы уақыт зымырап өтуде. Мектеп жанындағы «Күн шуақ»  лагерінің жабылу күні де келіп жетті. Біздің лагеріміз 1-маусымнан 30-маусымға дейін жұмыс істеді, онда 7 жастан 10 жасқа дейінгі жастағы 62 бала демалды. Тәрбиешілер түрлі байқаулар мен спорттық іс-шаралар өткізді. Балалар мультфильмдерді көруден көптеген жағымды эмоциялар алды.    

30-маусымда  «Күн шуақ» жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің ауысымының жабылуы өтті. Бұл демалыс кезінде оқушылардың уақыты қызықты әрі пайдалы  өтті. Демалысты ұйымдастырған жетекшілер түрлі ойындармен, сайыстармен, спорттық жарыстармен керемет мерекелеп, лагерь күні аяқталғанына қарамастан оқушылар қызыққа тоймай, біраз уақыттарын өткізді.

Жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің басшылары Н.М.Дашаева мен

А. Х. Абаева балаларға жақсы көңіл-күй, жазғы демалыстың жақсы жалғасуын, рух сергектігі мен мықты денсаулық тіледі.  

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст