Компьютерлік ғылымдардың жаһандық апталығы аясында 2022 жылғы 5-9 желтоқсан аралығында мектепте " Қазақстан-2022 Код сағаты"акциясы өтті. Акция жастардың информатика мен бағдарламалауды үйренуге деген қызығушылығын – ХХІ ғасырдың негізгі дағдысын қалыптастыруға және қолдауға, сондай - ақ жастар алдында АТ мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.
Сабаққа қатысқан білім алушылар саны-109 оқушы.
Сабақты ұйымдастыру формалары - ойын оқыту технологиясын қолданатын аралас сабақ түрінде өткізілді.
Сабақтың басында мұғалім П. Д. М. Асаева оқушыларды "Ақпараттық технологиялар, бағдарламалау және АТ мамандықтары" ұғымдарымен таныстырды. Содан кейін ойын түрінде білім алушылардың алдына порталда ұсынылған тақырып бойынша бағдарлама кодын жазу мақсаты қойылды http://hourofcode.kz "Қазақстан-2022 Код сағаты", онда оқушылар бағдарламашылар рөлін атқара отырып, интернетте жұмыс істей отырып, қойылған міндетті шешудің жолдарын тапты.
Сабақ соңында әр оқушыға "2022 код сағатын"сәтті аяқтағаны үшінсертификаттар берілді